«Тайкелтір» бөбекжай балабақшасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі туралы ақпараттық анықтама
| 1 | Мектепке дейінгі ұйымның атауы | Түлкібас ауданының «Тайкелтір» бөбекжай балабақашсы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
| 2 | Білім беру ұйымының орналасқан жері (заңды мекен – жайы және нақты орналасқан жерінің мекен – жайы) | Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Мыңбай ауылы, Абай көшесі №42б ғимарат |
| 3 | Заңды тұлғаның байланыс деректері (телефон, электрондық пошта, web сайт) | Ұялы телефон: 87029486162 87056830976 Электрон поштасы: bimusaeva78@bk.ru Web сайт https://taikeltir-bb.edu.kz/ |
| 4 | Заңды тұлға өкілінің байланыс деректері (басшысының Т.А.Ә лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі | Бимусаева Балжан Дуйсебековна балабақша құрылтайшысының 2024 жылғы 01 қарашада №46 бұйрығымен меңгеруші болып тағайындалған. |
| 5 | Құқық белгілейтін және құрылтайшылық құжаттары (жарғының және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу не қайта тіркеу туралы анықтаманың/ куәліктің көшірмесі қоса беріледі) | Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтамасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анықтама заңды тұлғаның қайта мемлекеттік тіркеуден 23.02.2026ж БСН 180240039295 |
| 6 | Рұқсат беру құжаттары (білім беру қызметіне лицензия және оған қосымша және (немесе) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарламаны жіберу туралы талон) | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы Мемлекеттік лицензия 30.12.2022жыл №KZ90RVK00044360 хабарлама берілген. |
| 7 | Құрылған жылы | 2018жыл |
| 8 | Типтік ғимарат | Үш қабатты ыңғайластырылған |
| 9 | Топтар саны | 8топ |
| 10 | Балаларды оқыту тілі | Қазақ тілі |
| 11 | Жұмыс аптасының ұзақтығы | 5 күндік |
| 12 | Ауысым саны | Тәрбиешілер: Ӏ ауысым |
| 13 | Жасына қарай топтар бойынша ұйымдастырылған іс – әрекетінің ұзақтығы — минутпен | Жас ерекшеліктері: 5 жас – МАД топ, 4 жас — ересек топ, 3 жас -ортаңғы топ, 2 жас-кіші топ |
| 14 | МҰД – ның жобалық әлеуеті | Балабақша орны 205 балаға арналған. 01.06.2018 жылы 15.01.2026 жылы № КZ68VWF00497029 санитарлық эпидемиологиялық қорытынды берілген. |
Балабақша ғимараты 3 қабатты типтік жобада ыңғайластырылған. Балабақша 205 орындық, 8 топ жұмыс жасайды. «Құлыншақ» Кіші топ 2 жас,»Балапан» Кіші топ 2 жас, «Жаннұр»» ортаңғы топ 3 жас, «Балбөбек» ортаңғы топ 3 жас, «Ботақан» ересек топ 4 жас, Шұғыла» ересек топ 4 жас, «Жұлдыз»мектепалды тобы, «Қарлығаш» мектепалды тобы.Әр топ жас ерекшеліктеріне қарай топтастырылған. Балабақша аптасына 5 күндік жұмыс жасайды, сағат 07:30- бастап 18:00 сағатқа дейін. Тәрбиеленушілер мемлекеттік тілде тәрбиеленуде. Балабақшада 8 топта ойын бөлмелері, жатын бөлмелері, жуынып – шайынатын бөлмелері бар. Бұдан басқа мед кабинет, акт залы, асхана, қойма, әдістемелік кабинеті бар. Материалдық – техникалық базасы стандартқа сай жабдықталған. Жылу жүйесі, кәріз жүйелері кіргізілген. Су , электр жүйесі орталықтандырылған. Балабақша өрт – дабыл түймешесінің автоматты хабарлау жүйесі және бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Балабақшада медициналық кабинеті жұмыс жасайды. Медициналық кабинетте емшара бөлмесі, оқшаулау бөлмесі, санитарлық қағидаларға 12 қосымшаға сәйкес құрал- сайман жабдықтарымен жабдықталған. Балабақша ауласы көгалдандырылған, жеміс ағаштары егілген. Ауладағы ойын алаңы өз дәрежесінде жабдықталған.Жеке топтарға арналған ойын алаңдары, бөлек қоршаулармен бөлінген. Балалардың денсаулығын нығайтатын ойын құралдарымен жабдықталған.